Өртті сөндіруге жеке құрамның 36 қызметкері мен 12 арнайы техника жұмылдырылған
Алматыда таң атпай Брусиловский көшесіндегі кафе өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрттің басталғаны туралы ақпарат 8 жарымда түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қызыл жалын бір сағаттың ішінде түгел өшірілген. Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамның 36 қызметкері мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Жапа шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып, шығын есептеліп жатыр.