Сүйіктісіне гүл сыйламақшы болған ақмолалық суға батып кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ер адам 52 жаста болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне лалагүл жұлып беремін деп суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жабай өзенінде болған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге Жабай өзеніне балық аулауға барған. 

«Ер адам суға түсіп, өзен гүлдерін теріп алмақшы болған. Жағаға қайтып бара жатып суға батып кеткен. Тұрғынды іздеу үшін Көкшетау қаласынан Ақмола облысы төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары шақырылды. Ер адамның денесі табылды», – деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Ер адам 52 жаста болған. ТЖД аталған жер суға шомылуға арналмағанын атап өтті. Оқиға орнынан 400 метр жерде рұқсат етілген орын бар екен.

Сонымен қатар, құтқарушылар жағалауда және су аймақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. Олардың сөзінше, оұқсат етілген жерлер мен жағажайларда ғана суға түсуге болады. Ескерту белгілерінен тыс жерде жүзуге болмайды.

Новости партнеров