Ол Жетісай қаласының «Жетіген» мейрамханасында 20 жылдық мектеп бітіру кешінің құрметіне өткен тойға қатысқан
Карантин кезіне қарамастан Жетісайдағы тойға қатысқан Шымкенттің Еңбекші ауданы полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Vera.kz басылымының хабарлауынша, тойдың видеосы WhatsApp-та тараған. Төтенше жағдай кезінде әйелдер мен ер адамдар бір дастарханда бас қосқан, үстелде тамақтан басқа, алкоголь ішімдіктеріне ұқсас бөтелкелер де бар. Егер видеоны көргендер видеодан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметін танып қоймағанда, ол чаттағы көп видео болып артынан ұмтылып та кетуі мүмкін еді. Видеода олар бірге ән шырқап, естелік үшін тойхананың залында суретке түседі.
Видеодағы карантинді бұзушылар дереу арада табылып, бұл жиынның 24 мамырда «Жетіген» тойханасында болғаны анықталды.
«Жетісай аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жинап, ары қарай шешім қабылдап, қылмыстық қудалау үшін оны учаскелік санитарлық дәрігерге тапсырды», - деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкент қалалық полиция бөлімі ол қызметкердің кім екенін анықтап, қызметтік тексеру тағайындады.
24 мамырда Жетісай қаласының «Жетіген» мейрамханасында 20 жылдықтың құрметіне той болған. Оған 15 адам қатысқан, оның ішінде Еңбекші ауданының полиция бөлімінің қызметкері де болды. Қазіргі уақытта бұл қызметкер ішкі аудитке байланысты уақытша жұмыстан шеттетілді. Оның нәтижесі 2020 жылдың 1 маусымында тәртіптік комиссияның отырысында жарияланады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.