Үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған, екі адам ауруханаға жеткізілді
Қызылорда көлік жүргізушісі аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, бүгін, шамамен сағат 09.15-те Назарбаев даңғылының бойында Toyota Camry жүргізушісі Mercedes-Benz көлігін соғып кетіп, көлік тізгініне ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен.
Үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған, екі адам ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.