Алматы облысында қолында екі баласы бар әйелді көлік қағып кетті

24.04.2022 17:40

Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Zakon.kz

Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv

23 сәуірде сағат 22:05 шамасында Ескелді ауданында үш адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды, деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаменті.


Zakon.kz мәліметінше, Қарабұлақ ауылында 19 жастағы Audi-80 жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, қолында екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кетті. Үш жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды.


ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.