Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

23.10.2022 17:40

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында жатыр

стоп кадр

Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонының ұрланғанын айтып, шағым түсірген. Ол смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған екен. Полицейлер бейнебақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алыпсатарларға сатып үлгерген. Полицейлер оның мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады", - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ер адам кінәсін мойындап, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында жатыр.