Нұр-Сұлтанда ер азамат әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген

08.10.2019 в 05:52

Отбасылық ұрыс кезінде күйеуі әйелін адам жүрмейтін жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген

Сұмдық оқиға кеше 6 қазан күні сағат шамамен 11-лерде орын алған. Полицияға қоғамдық көлік аялдамасында денесінде күйік шалу белгілері бар азаматшаның отырғандығы туралы хабарлама түскен. Әйел дереу ауруханаға жеткізілді. Елордалық тәртіп сақшылар аталған қылмысқа күдікті ретінде зардап шеккен азаматшаның 43 жастағы күйеуін ұстаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Белгілі болғандай, отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін дене жарақатын салып, қала сыртына шығарып, бензин құйып денесіне, өртеп жібергені. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап отыр. Осы дерек бойынша, яғни кісі өлтіруге ұмтылу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз хатшысы София ҚЫЛЫШБЕКОВА.