Нұр-Сұлтанда үш жасар қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін

13.09.2019 17:40

Ол «өлімге әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталуда

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханада қайтыс болған қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы елорданың полиция департаменті мәлімдеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол «өлімге әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Нұр-сұлтан қаласының ауруханасына 3 жасар қыз шала жансар күйде түскен болатын. Түрлі дене жарақаттарын алған бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қала алмады.