|
15.01.2020 | 12:40
7261

Алматыда мас жолаушы такси жүргізушісін пышақтады

Такси жолаушының баласы салонға құсқанын байқап, оны жуу үшін қосымша ақы сұраған

Алматыда мас жолаушы такси жүргізушісін пышақтады

Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне екі жерден пышақ сұқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 12 қаңтарда болған. Зардап шеккен таксист - 33 жастағы азамат «Шұғыла» ықшамауданындағы тұрғын үй кешендерінің біріне екі баласы бар отбасын апара жатқан. Жолаушылар көліктен түсе бастағанда жүргізуші балалардың бірі салонға құсқанын байқап, оны жуу үшін қосымша ақы сұраған. «Осыдан кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шығады. Мас ер адам әйелі мен балаларын үйге кіргізіп, ақша алып шығатынын айтқан. Кепілге ол ұялы телефонын қалдырып кеткен. 5-7 минуттан соң әлгі азамат қайта оралып, такси жүргізушісіне пышақпен екі рет соққы жасаған. Сол қолының шынтағы мен ішіне сұғып алған», - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. Дәл сол күні осы дерекке қатысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Аталған факті бойынша 31 жастағы күдікті ұсталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

напал нож
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир