Алматыда Наурызбай аудандық сотының төрағасы көз жұмды

10.08.2020 17:41

Белгілі заңгер Серікбай Төлепбергенов 54 жаста болған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше 9 тамыз күні 54 жасында белгілі заңгер, Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов оқыс жағдайда көз жұмған. 

«Алматы судьялар қауымдастығы атынан марқұмның туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қайғы. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және оның есімі ҚР сот жүйесінің тарихында қалады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.