Көкшетауда жылу құбыры жарылып, үш адам қаза тапты

06.01.2023 17:42

Қазір үш адамның өлімі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған

АиФ

Көкшетауда жылу құбыры жарылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 2 қаңтарында көпқабатты үйлердің бірінде болған. Облыстық полиция департаментінің ақпарынша, пәтерде батарея жарылып, нәтижесінде үй ішінде болған 3 тұрғын қатты будан тұншығып, тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшылары аталған дерекке қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«Тексеру барысында 50, 56, 59 жастағы үш әйелдің денесін тауып алды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне енгізілді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдердің өлімі күйіктен болған жоқ. Сараптама тағайындалды», – деді Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.