Туыстарының айтуынша, мойын омыртқасы сынған, қол-аяғы жұмыс істемейді
Терезеден лақтырған диван өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған. Мойын омыртқасы сынған ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы жәбірленушінің туысы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де 11-шағынаудандағы 41-үйде болған. Алтыншы қабаттағы пәтерден жалға алушылар лақтырған жиһаз 39 жастағы ер адамның үстіне құлаған. Ол ес-түссіз күйде жедел жәрдем бөліміне жеткізілді.
«Онда 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады екен. Ата-анасы үйде болмағанын айтты. Біз диванның құлаған сәтін көрген куәгерлерді іздеп жатырмыз. Қандай бір дерек болса, +7702 811 03 82 нөміріне хабарласуыңызды өтінемін», – деді жәбірленушінің ағасы Аман.
Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр. Туыстарының айтуынша, мойын омыртқасы сынған, қол-аяғы жұмыс істемейді.
Учаскелік полицей анықтағандай, диван алтыншы қабаттан лақтырылған.
Дерекөз: inaktau.kz