ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізді

24.01.2019 21:44

Алматыда әскери авиациялық техниканы заңсыз шетел асырып жібермекші болғандар ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет таратқан ақпаратқа сенсек, заңсыз жасалған келісімшарттың сомасы 122 мың доллардан көп. 16 қаңтарда тергеу шаралары барысында әскери құрал-жабдықтардың басқа елге тасымалдауға дайындалып жатқаны анықталған.

Осы іске қатысы бар адамдар ұсталып, Алматы қаласы мамандандырылған сотының шешімімен олар тергеу изоляторына қамалды. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-шы бабының 2-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.