Қайғылы оқиға 28 маусымда сағат 18:00 шамасында болған
Қарағандыда жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 28 маусымда сағат 18:00 шамасында болған.
Қарағанды қаласының Федоров су қоймасына барар жолда 41 жастағы «Мерседес Бенс» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылған.
Алдын ала болжам бойынша ол рульге ие бола алмай қалған. Содан кейін автокөлік өртеніп кетті.
«Жүргізуші дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.