Бас прокуратура тексеру аяқталғанша асығыс шешімдер жасамауға кеңес береді
Әлеуметтік желілер мен баспасөз құралдарында судья мен прокурор саунада демалып отыр деген сыңайдағы видео тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Бас прокуратурасының ақпаратынша, аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.
Бас прокуратура тексеру аяқталғанша асығыс шешімдер жасамауға кеңес береді. Тексеру нәтижесі қоғамға хабарланады, дейді прокуратура.
Алматы облыстың соты видео авторының сот жүйесіне еш қатысы жоқ деп отыр. Аталмыш видео телеграмм-каналдарда 5 мамырда пайда болған. Онда Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевқа ұқсайтын адам сауда ішінде түсірілген.