Оралда 17 жасар бозбала төртінші қабаттан секіріп қайтыс болды

16.11.2019 17:46

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді

Оралда 17 жасар бозбала төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 14 қараша күні Әбілқайыр хан даңғылы 153-мекенжайында орын алды.

Бозбала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алайда жансақтау бөлімінде көз жұмды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.


Теги: Орал үй