Анасы кір жуып жүрген: Тағы бір сәби терезеден құлап кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Салдарынан сәби ауыр жарақат алып, реанимацияға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда тағы бір бала терезеден құлап кетті. Қазір бір жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бір жасар бала 18 мамырда кешке төртінші қабаттағы терезеден құлағаны хабарланды. Салдарынан сәби ауыр жарақат алып, реанимацияға түсті.

«Пәтерде анасы мен 2 жасар ағасы болған. Анасы кір жуып жатқанда бала ас үйдегі төмен орналасқан терезеге шығып, құлап кеткен. Терезеде тор ғана болған»,– деп хабарлайды полицейлер.

Полиция қызметкерлері ата-аналардан тағы да абай болуды сұрайды.

2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің терезелерінен төрт бала құлап, біреуі қаза тапты. Қайғылы оқиға 15 мамырда болды. Пәтерде баламен бірге анасы болған, ол үйді жинап жүріп бөлмеден бірнеше минутқа шығап кеткенде бала құлаған. Сонымен қатар, терезелеріне ілмектер орнатылған болса да, бала оны өзі ашып алған.

Новости партнеров