Өскеменде су арнасының "қызметкері" зейнеткердің 2 миллион теңгесін тонап кетті
yandex.com.tr
Күдікті үйдегі құжаттардың арасындағы ақшаны көріп, оны алып қашып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында 79 жастағы зейнеткер алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлады жергілікті YK-news.kz.
21 маусым күні өскемендік зейнеткер полицияға белгісіз ер адам тонап кеткенін хабарлаған.
Оның айтуынша, ер адам өзін "Өскемен Су арнасы" коммуналдық кәсіпорнының қызметкерімін деп таныстырып, түбертектерді тексерген. Ол үйдегі құжаттардың арасында тұрған ақшаны көріп, оны алып қашып кеткен. Шығын көлемі 2 миллион теңге болды.
"Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен еш жерде жұмыс істемейтін әрі бұрын сотталған 29 жастағы ер адам ұсталды", - делінген Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.
Ұсталған жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43
Қазақстандық парадзюдошы Азия Пара ойындарында алтын жеңіп алды
21.10.2026 17:54