Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды

23.05.2024 17:47

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады

elements.envato.com

Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында болған.

Аталған деректі растаған полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 жастағы күдікті ұсталған.

«Полиция қызметкерлері «Жұлдыз» шағынауданының аумағында орналасқан балабақша ауласында бұралқы итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдікті итті теуіп, жарға лақтырған. Қазір күдіктіге қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз: Әйеліне ашулы қария баллонды жарды