|
07.04.2020 | 12:47
2119

Таразда хайппен лайк жинағысы келгендер ереже бұзды

Тараз қаласының Полиция басқармасы “Лада 21703” маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты

Таразда хайппен лайк жинағысы келгендер ереже бұзды Polisia.kz

Таразда төтенше жағдай режимін және жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші  жауапкершілікке  тартылды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін  бұзып қана қоймай,  ел аумағына енгізілген төтенше жағдай режимін де елемеген “Лада” көлігінің жүргізушісіне қатысты бейнежазба жарияланды. Тараз қаласының көшелерінде шектен шыққан тәртіпсіз әрекеттері бейнеленген белгісіз тұлғаның бейне түсірілімі желіде кең таралып, тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады.

Бейнежазба бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген Тараз қаласының Полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Лада 21703” маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабының 2-бөлігімен (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамау), 590-баптың 5-бөлігімен (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, атап айтқанда жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнату) және 590-баптың 9-бөлігімен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдай режимі кезінде қозғалыстарды барынша шектеп, аса қажет болған жағдайда ғана жолға шығуды, сақ болуды ескертеді. Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерінің нұсқамаларын қатаң сақтап, көлік құралдарының тұраққа қойылуы мен тоқтауы, пайдалану ережелерін жауапкершілікпен мүлтіксіз орындауы қажет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир