Полицейлер алыс жолға шыққанда сақ болуды ескертеді
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды Оқиға кеше Астана-Щучинск тасжолында болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Астана-Петропавл тасжолы бойында 15 жеңіл көлік бір-біріне соқтығысып, бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жолаушылар мен жүргізушілер дін аман. Қазір осы жағдайға қатысты 2 адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Апатқа көлік жүргізушілердің көктайғаққа қарамастан, жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болуы мүмкін. Өңірлік полиция департаменті өкілдері тергеу жүріп жатқанын айтты.
– Жол көлік апаты кесірінен 3 адам зардап шекті. Екеуі үйіне жіберілді. Біреуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Осыған ұқсас жағдай бір апта бұрын Щучинск-Астана тасжолының бойында болған. Онда 14 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырамыз, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Уәлихан Жүнісбеков.
Оқи отырыңыз: Өскемен тұрғынының көлігі Ертіс өзеніне ағып кетті