Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Түркістан облысында браконьерлерден 67 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған екі браконьер ұсталды. Күдіктілерден резеңке қайық, балық аулау құралдары және заңсыз ауланған 67 келі түрлі балық тәркіленді.
«Түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлары бірлесіп браконьерлерді ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда» - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.