Сүңгуірлер жігіттің денесін 15-шағынаудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты
Бүгін таңертең сүңгуірлер батып кеткен жігіттің денесін алты метр тереңдіктен тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін, 8 маусым күні сағат 07:33 шамасында құтқарушылар 2004 жылғы суға батып кеткен жігіттің денесін тапты
Іздеу жұмысына тартылған 15 құтқарушы және екі сүңгуір жігіттің денесін 15-шағынаудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты", – делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген. Үшеуі пирстен теңізге секірген, екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен.
Еске сала кетейік, 2004 жылы туған жас жігіт, қала колледждерінің бірінің бірінші курс студенті, Бейнеу ауданының тумасы, 7 маусым күні Ақтаудағы 15-шағынауданға қарама-қарсы теңізге батып кеткені туралы осыған дейін жазған болатынбыз.