Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 53 науқас тіркелді
Қауіпті індетті жұқтырған тағы 1 адам Қаскелеңде тіркелді, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
«Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 21 наурыздағы 12.00 сағаттағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Қаскелең қаласында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда карантин енгізілді.