Қыз бала облыстық балалар ауруханасына табан жарақатымен жеткізілді
Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
12 мамыр күні кешке Ломов көшесіндегі 179а үйдің ауласында Nissan Primera жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жедел жәрдемді пәтерге шақырды. Аулада көлік төрт жасар баланың аяғын басып кеткен. Қызды облыстық балалар ауруханасына табан жарақатымен алып келді. Жағдайы ауыр емес», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші сау болған. Департамент ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Денсаулыққа орташа зиян келтірген жол ережесін бұзушыны 100 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары, 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс немесе 40 күнге дейін қамау күтіп тұр. Сот жүргізушіні белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейін айыра алады.
Әлеуметтік желіде апат болған жерден видео жарияланды. Автор үйдің ауласында жүргізушінің баланы қағып кеткенін айтады. Оның айтуынша, Ворушин көшесі бойындағы жол жабылып, қазір көліктер аула арқылы жылдамдықтарын төмендтпей жүреді. Жазбаны түсірген әйел адам жылдамдықты төмендетуге арналған бөгеттерді орнатуды өтінді.