Ақтауда бір топ қыз кафенің есігін балғамен ұрып сындырған

стоп кадр
стоп кадр
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда бір топ қыз 7-шағынауданда ораналасқан «Арабелла» кафесі есігінің шыны бөлігін балғамен сындырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға бүгін таңертең болған. Камераға жасөспірімдердің есіктің шыны бөлігін балғамен қалай ұрғанын түсіп қалған. Кафе иесінің айтуынша, қыздар ештеңе ұрламаған. Тәртіп бұзған қыздар оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен кәсіп иесі болған оқиғаны айтып, полицияға шағымданбаған. Кәсіпкер аталған бойжеткендер өз кінәсін түсініп, келген шығынды өздері өтеп береді деген үмітте. 

«Біз бұл мәселемен полицияға әлі жүгінген жоқпыз. Мен қыздардың өмірін бұзғым келмейді. Бір түсініспеушілік болған болар. Олардың ата-анасы таспаны көрсе, өздері кінәсін мойындап, келген шығынды өтеп береді деген үміттемін», – дейді дәмхана иесі.


Новости партнеров