Арыста газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды

19.01.2024 17:51

40 жастағы әйелдің денесінің 90 пайызы күйіп қалған

elements.envato.com

Түркістан облысындағы Арыста болған газ баллоны жарылысынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Денесінің 90 пайызы күйген 40 жастағы әйел апат кезінде наубайханада жұмыс істеген. Тағы бір азамат ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Тәнінің 30 пайызын күйік шалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті апат аумағының 285 шаршы метр болғанын хабарлайды. Мұндағы техникалық қызмет көрсету орталығы мен дүкен толықтай өртенген. Ал наубайханада өрт сөндірушілер келгенге дейін 50 литр пропан жарылыпты.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды