|
02.11.2023 | 12:51
836

Жетісу облысында ерлі-зайыптылар не үшін ата-ана құқығынан айырылды

Ювеналды полиция бақылауды күшейтті

Жетісу облысында ерлі-зайыптылар не үшін ата-ана құқығынан айырылды Сурет: elements.envato.com

Ювеналды полиция қызметкерлері қолайсыз санатына жататын отбасыларға бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірде кәмелетке толмағандарды тиісті деңгейде тәрбиелемеу және оларға күтім жасамау фактілерін анықтау бойынша рейдтер жандандырылып жатыр. Биыл 8 ерлі-зайыпты (олардың ішінде жалғызбасты ана) ата-ана құқығынан айырылды.

 - Ата-ана құқығынан айырылғанның барлығы бұрын алкогольді асыра пайдаланғаны анықталып, профилактикалық есепке алынған. Бірнеше рет құқық бұзушылықтың қайталануына жол бергеннен кейін, бұл мәселені арнайы комиссия қарастырады. Ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдауға кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия атсалысады, – деді облыстық ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аида Белгібаева.

Соңғы факт Талдықорғанда тіркелді, онда асырауында төрт баласы бар 47 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылды. Балалардың екеуі қазір облыстық балалар орталығының бірінде. Анасы өткен жылдан бастап професепте екендігі анықталды және полиция қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуін елемей, алкогольді асыра пайдалануды жалғастырып, ата-ана мен бала күтімі талаптарын өрескел бұзған.

Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты 60 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 21-і жыныстық сипаттағы құқық бұзушылық.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік жүргізушінің көлігінен ірі көлемде есрткі табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир