Ювеналды полиция бақылауды күшейтті
Ювеналды полиция қызметкерлері қолайсыз санатына жататын отбасыларға бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірде кәмелетке толмағандарды тиісті деңгейде тәрбиелемеу және оларға күтім жасамау фактілерін анықтау бойынша рейдтер жандандырылып жатыр. Биыл 8 ерлі-зайыпты (олардың ішінде жалғызбасты ана) ата-ана құқығынан айырылды.
- Ата-ана құқығынан айырылғанның барлығы бұрын алкогольді асыра пайдаланғаны анықталып, профилактикалық есепке алынған. Бірнеше рет құқық бұзушылықтың қайталануына жол бергеннен кейін, бұл мәселені арнайы комиссия қарастырады. Ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдауға кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия атсалысады, – деді облыстық ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аида Белгібаева.
Соңғы факт Талдықорғанда тіркелді, онда асырауында төрт баласы бар 47 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылды. Балалардың екеуі қазір облыстық балалар орталығының бірінде. Анасы өткен жылдан бастап професепте екендігі анықталды және полиция қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуін елемей, алкогольді асыра пайдалануды жалғастырып, ата-ана мен бала күтімі талаптарын өрескел бұзған.
Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты 60 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 21-і жыныстық сипаттағы құқық бұзушылық.
Оқи отырыңыз: Шымкенттік жүргізушінің көлігінен ірі көлемде есрткі табылды