Маңғыстаулық тұрғыннан Қызыл кітапқа енген құс тәркіленді
polisia.kz
Тергеу амалдары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының тұрғынынан мемлекет қорғауындағы сирек кездесетін құс тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Оның Қызыл кітапқа енген бүркітке ұқсас жыртқыш екендігі анықталды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.
Тергеу амалдары басталған.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10