Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отбасылық жанжал кезінде күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Павлодар облысының тұрғыны ауыр дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын бірден ауыр деп бағалады. Оның жағдайы соңғы күндері нашарлап кеткенін айтты.

«Науқас үшінші дәрежелі күйікпен түсті. Оның беті, қолдары, денесі күйген. Денесінің 50 пайызы зақымданған. Жағдайы нашарлағаннан кейін жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 17 тамызда түстен кейін, әйел қайтыс болды», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін жәбірленуші кісі өлтіру әрекеті болғаны туралы арыз жазудан бас тартқан.

Еске салайық, 9 тамызда ерлі-зайыпты арасындағы жанжал басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген.

Полицейлер денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Ерлі-зайыпты кәмелетке толмаған үш бала тәрбиелеп отыр. Жергілікті тұрғындар бұл отбасыдан жағымсыз мінез-құлық байқамағанын, болған жағдайға таңғалғандарын айтты.


Новости партнеров