Орын алған оқиғның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз
Атырау облысында зейнеткер өзін өртеп жіберді. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
«13 қаңтарда сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кентінің Б. Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша бұған отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.