Оқиға 17 шағынаудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған
Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде адам толы жеделсаты шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оқиға 17 шағынаудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, лифты 25 қыркүйекте сағат 19:30-дар шамасында шахтаға құлаған. Лифті ішінде адамдар болған. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. «Ешқандай шара қолданылмады» деген тұрғындар апаттық жағдайда бір-біріне көмектесіп, қайғылы жайттың алдын алған.
«Ақтау плаза» кешенін салған құрылыс компаниясы бұл мәселеден хабардар екен.
Тұрғындардың айтуынша, аталған тұрғын үй кешені әлі де жылу жүйесіне қосылмаған, ал адамдарға пәтерге қатысты ешқандай құжат берілмепті.