Шымкенттік құтқарушылар бір отбасын уланудан аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 23 сәуір күні болды. Құтқару қызметінің «112» телефон номеріне хабарласқан тұрғындар туыстарының біраз уақыттан бері есікті ашпай жатқанын айтқан.
Әл-Фараби ауданы Жангелдин көшесі бойындағы 28 үйдің пәтерін бұзып кірген құтқарушылар іштен 6 адамды қауіпсіз жерге алып шықты.
Олардың ішінде 1987 жылғы азаматша және 2003, 2005 жылы туған қыздар мен 2011, 2013, 2015 жылғы ер балалар бар.
«Құтқарушылар зардап шеккендерді таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда отбасының улану себептері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.