Алматыда қоқыстан шыққан алапат өртті сөндіруге 90 адам жұмылдырылған

17.05.2019 17:54

Бүгінде Матрица-600 Квадрокоптері (дрон) өрт шыққан жерді әуеден бақылап тұр

Алматы түбінде орналасқан қоқыс полигонындағы қалдықтар әлі бықсып жанып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ІІМ ТЖК  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дәл қазіргі уақытта бықсымаларды сумен өшіріп, өрт ошағының аумағын топырақпен көму жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде өрт шыққан жер  Матрица-600 Квадрокоптері (дрон) арқылы бақылауға алынған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 2 тікұшақ, 53 техника және 91 адам жұмылдырылды.