|
15.09.2021 | 12:54
3075

СҚО-да «КамАЗ» көлігі 12 жасар қызды басып кетті

Оқиға облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын автожолда орын алған

Петропавл қаласының маңында «КамАЗ» жүргізушісі бір топ велосипедшіні қағып, 12 жасар қыз сол жерде мерт болды. Оқиға облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын автожолда орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv

Жүк көлігінің жүргізушісі болса, велошабандоздарды байқамай қалдым деп ақталып жатыр. Өңірдегі тілшіміздің хабарлауынша, жантүршігерлік жағдай марқұмның туған әкесінің көз алдында болған. Алина Нұртазинаның репортажы. 

Белгілі болғаны, жүк көлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші спорт мектебінде жаттығатын кәмелет жасқа толмаған велосипедшілермен бір бағытта Петропавлға бара жатқан. Сараптама жүргізушінің сау екенін көрсетті.

Спорт мектебі басшысының орынбасары жас спортшылардың осы жол бойында жиі жаттығатынын айтады. Сөзінше, балаларды Газель көлігінде отырған 2 жаттықтырушы бақылаған. Олардың бірі - мерт болған қыздың туған әкесі.

«Кесте бойынша жаттығу сабағы өтіп жатты. Балалар әуежайға апаратын жолмен келе жатқан. Бұл ең тыныш әрі қауіпсіз жолдардың бірі. Олар жаттығу аяқталғаннан кейін әуежайдан шығып, Бескөлде орналасқан өз базасына баруы тиіс еді», – деді спорт мектебі басшысының орынбасары Алла Винникова.

Апат орнына барған Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы,  қажетті сараптамалар тағайындап «КамАЗ» жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Аталған факті қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3 бөлігі бойынша сотқа дейіңгі тергеп тексерілу тізілімдемесіне енгізілген», – деді Облыстық ПД жергілікті полиция басқармасы қызметінің аға инспекторы Баян Байғаскина.

Мерт болған қыз спорттың осы түрімен 2 жылдай айналысқан. Ал күн жарықта бір топ велошабандозды байқамай қалдым деп ақталған жүргізушіге қандай айып тағылатыны сараптамадан кейін белгілі болады.

Алина Нұртазина,«Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир