Түркістанда жоғалған азаматтың 75 миллион теңге қарызы болған

11.02.2022 23:14

Ол таныстарынан алған ақшаны құмар ойынға жұмсап отырыпты

casinozru.com

Түркістан облысының із-түзсіз жоғалған 30 жастағы тұрғыны Алматыдан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Ол 75 млн теңге қарызға батып, ақшасының бәрін құмар ойындарына салып жіберген. Кейін бәрінен жасырыну үшін туыстарына ескертпестен Алматыға қашып кеткен көрінеді.

Ата-анасының баласын өздігінен іздегенінен еш нәтиже шықпақты. Содан соң облыстық полиция департаментінің көмегіне жүгініпті. Тәртіп сақшылары қажетті барлық күштік құрылымдарын жұмылдырып, оны Алматыдан тапқан.

Облыстық полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, оның үстінен 75 млн теңге қарызына қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Баласымен аман-есен жүздескен анасы оны көрген кезде көз жасына ерік берді.  

«Аталған дерек бойынша 2022 жылдың 27 қаңтары күні адам жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ресублика көлемінде іздестіру шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде Төлеби аудандық полиция қызметкерлері жоғалан адамды Алматы қаласынан тауып Төлеби ауданына жеткізілді», - деді Полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Сұлтан Әуелбек.