Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан оқушыны көлік қағып кеткен

26.02.2020 17:56

Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Ақтауда джип көлігі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Оқыс оқиға 25 ақпан күні түс уақытында орын алып, көшедегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Абырой болғанда,  бала аман. Ол бірден Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Ал 29 жасар Тойота Prado көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Көлік айыптұрағына жеткізілген. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.