Алматыда Esentai Mall, «Нұрлы-Тау» және кафеде жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілді

19.02.2019 17:56

Алматыда белгісіз қаскөйлер бірнеше ғимаратта «жарылғыш зат» қойғандары туралы мәлімдеген

Nur.kz

Алматыда белгісіз қаскөйлер бірнеше ғимаратта «жарылғыш зат» қойғандары туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Тengrinews.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 ақпанда жедел шұғыл әрекет ету өкілдеріне Esentai Mall сауда орталығына, «Нұрлы-Тау» ғимаратында орналасқан пиццерияға және Ciao pizza дәмханасына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен.

«Комиссиялық тексеріс әр ғимаратта 30 минутқа созылды. Жалған ақпарат таралған. Аталған ғимараттарда жарылғыш зат табылмады», – деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, 2015 жылдың қаңтарынан бастап террористік әрекеттен тұратын жалған ақпарат үшін жауапкершілік ауырлағанын айтты. Осыған дейін бұл заңбұзушылық үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетін, ал қазргі уақытта алты жылға дейін.

«Адамдар осындай іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білуі керек. Бұл істі бала жасаса да, ата-анасы жауапқа тартылады. Мысалы, көктемде осындай іс-әрекеттерді психикасы бұзылған адамдар жасайды. Бірақ көп жағдайда мас күйдегі адамдар жасайды. Сондықтан бұлай ойнауға болмайды, себебі қалалық қауіпсіздік органдарының көп күші мен ресурстары жұмсалады. Аталған ғимараттардың жұмысы тоқтатылады», – деді Салтанат Әзірбек.



Теги: эвакуация