Алматы облысының аумағында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған

07.12.2020 17:57

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, Алматы облысының аумағында заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәселен, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінің жер төлесін тексеру барысында 13-тен астам аппарат көлемінде ойын бизнесіне арналған көптеген компьютер техникалары тәркіленді. Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11 бабына сәйкес – казино мен ойын автоматтары залдары, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналастырылуға жатады. 

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,– делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті таратқан ақпаратта.