Алматыда құрылыс краны тұрғындарға қауіп төндіруде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ақсай-5» шағынауданының тұрғындары өз үйлеріне өте жақын жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына наразылық білдіріп отыр. Ең сорақысы 13 қабаттың балконына кран жебесі кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға видеосы kris_p_brothers_official паблигінде жарияланды. Онда кран жебесі балконның ішіне кіріп кеткен. Ал, келесі бір бейнежазбада ол бір қабат жоғары орналасқан пәтердің терезін қиратуға шақ тұр.

Бейнежазба авторы өз кезегінде құрылыстың заңсыз жүргізіліп жатқандығын алға тартуда.

«Әуезов ауданындағы «Ақсай-5» шағынауданында «Үш Сұңқар» ТК заңсыз құрылысы жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелердің барлығына арыз жазылды, бірақ құрылыс әлі күнге дейін жалғасуда. 2019 жылы 14 мамыр күні кран «Арыстан» ТК 2 блогінің 13 қабатына кіріп кетті. Кранды басқарып отырған адам ішімдікке мас болуы мүмкін немесе ақыл-есі сау емес», - делінген видео жазбасында.

Жазбаға қатысты қалдырылған пікірлердің көбесінде құрылыстың расыменде тұрғын үйге тым жақын жүргзіліп жатқандығы айтылған.

Новости партнеров