Ақтөбеде Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кешке болған.
"Land Cruiser Prado автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен Ақтөбе жедел медициналық жәрдем станциясына қарама-қарсы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында жаяу жүргіншіге жол бермеді. 2006 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті", – делінген ақпаратта.
Апат салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі ("жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: Sputnik.