«Ұйықтап жатқан уақытта жүріп кеткен»: Қостанайда кісі өлтіріп сотталған ардагер қайтыс болды

27.10.2019 17:58

Биыл Жеңіс күні қарсаңында ол мерзімінен бұрын бостатылған еді

alau.kz

Биыл Жеңіс күні қарсаңында ол мерзімінен бұрын бостатылған еді. 5 қазанда құлап, аяғын сындырған. Таңда Иван Владимирұлы пансионатта қайтыс болды.

Қостанайда кісі өлімі үшін сотталған Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 94 жастағы Иван Сухоруков қайтыс болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

2018 жылы тамызда Затобольск тұрғыны, 94 жастағы Иван Сурков әйелінің 80 жастағы інісін өлтіргені үшін сотталған. Соғыс ардагеріне екі рет үкім өзгертілді. Басында оған бостандығын шектеу жазасы кесілді, сосын түзету мекемесінде нақты уақытқа сотталған, ал кейін қайтадан бостандығы шектелді.

Биыл Жеңіс күні қарсаңында ол мерзімінен бұрын бостатылған еді. 5 қазанда құлап, аяғын сындырған. Таңда Иван Владимирұлы пансионатта қайтыс болды. Онда оған жарақаттан кейін көмек көрсетіліп жатқан еді.

«Ол түнде ұйықтап жатқан уақытта жүріп кеткен», – деді соңғы бір жарым жыл ардагерге қараған Ольга Некарасова.

Иван Сурковтың есімі 2019 жылы Жеңіс күні қарсаңында бүкіл республикаға танылды. Сотталушылар ардагерді құттықтап, концерт қойды. Ардагер 1925 жылы Қостанай ауданының Янушевка кентінде дүниеге келген. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін» екі медальмен марапатталған, 12 мерейтойлық медальға ие болды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.