Атырауда жыл басынан бері 5 бала терезеден құлап, екеуі қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұған дейін Атырауда 1 жасар егіз балалар үшінші қабаттың терезесінен құлағанын, біреуі қайтыс болғанын хабарлаған едік. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден 5 жасқа дейінгі балалардың құлауы тоқтамай тұр.
«Ата-аналар пәтер терезелеріне тор орнатпайды. Балаларын қараусыз қалдырады. Осындай жауапсыздықтың салдарынан балалар оқыс оқиғаға ұрынып жатады. Атырауда былтыр 5 бала терезеден құлап, 4-еуі жарақат алды. Ал, биыл жыл басынан бері 5 бала терезеден құлап кетті. Оның 3-еуі жарақат алып, 2-еуі қайтыс болды»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.