Зардап шеккендер жоқ
Атырау облысында күкірті бар вагондар рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Атырау облысы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 14 ақпанда сағат 03:25-те Атырау облысы Жылыой ауданы "Құлсары" т/ж станциясы, №11 жолда "Теңізшевройл" ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 вагоны жартылай рельстен шығып кеткен. Тепловоздағы жалпы вагон саны - 62", - делінген хабарламада.
Вагондарда күкірт тиелгені анықталды.
"Күкірт далаға төгілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат "ҚТЖ ҰК" АҚ арнайы пойызы шықты",- деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға педофилдер, экстремистер мен лаңкестер кіргізілмейді