Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған
Алматыда жиһаз жасайтын цехта тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жетісу ауданы, Ратушный көшесінде орналасқан шеберханадағы өрт 13:36-да сөндірілді. Оқиға орнына 20 техника, 60 өрт сөндіруші, 4 су көлігі, 20 полиция қызметкері жұмылдырылды», – деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаментінен.
Полиция өртеніп жатқан аумақты қоршауға алды. Алдын ала бағалау бойынша, тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.