Қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған
Шымкентте ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған.
«Сағат 17:25-те жедел медициналық қызметтен 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағынауданда, Үркімбаев көшесінің бойындағы KASIET фитнес-клубында болған. Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) баланың суға батып кеткені, ересектердің қарауынсыз қалғаны анықталды», - делінген хабарламада.
«Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 306-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Шымкент қалалық полиция департаменті «Тұран» АПБ бастығының орынбасары Бақытжан Өзенбаев.