ТЖД ата-аналарды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Өскеменде Гагарин көшесінде тұрған көлік салонының есігі абайсызда жабылып қалып, ішінде бір жасар бала қамалып қалды. Баланың анасы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылар келіп, құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы алып шықты.
ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Мұқият болып, балаларды бір сәтке болса да қараусыз қалдырмаңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыздар.
Оқи отырыңыз: Риддерде төтенше жағдай орын алып, арнайы комиссия құрылды