Көлікте 8 журналист болған
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол апаты кеше таңертеңгі уақытта Самара-Шымкент тас жолында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оң қапталға қарай аударылып кеткен. Оқыс оқиғаның мән-жайын жергілікті полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Әзірге жүргізуші мен 2 жолаушының түрлі жарақатпен жақын маңдағы аурухана жеткізілгені белгілі. Жалпы машинада 8 журналист болған. Олар аудан әкімінің тұрғындармен кездесуіне бара жатқан.