Істен шығып, бір сәтте Астананың бір бөлігін қараңғыда қалдырған қосалқы стансалар қалпына келді. Бұл туралы әуелі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі, кейін әкімдік өкілдері растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімдігінің мәліметіне сенсек, елордадағы электр қуаты қазір толық жетіп тұр. Ал кеше түнге қарай бас қаланың оң жағалауында су мен жарық жаппай сөніп, біраз тұрғынды әбігерге салған еді. Көшелерде бағдаршам өшті. Жауаптылар сол кезде жылу электр орталығында ақау шығып, салдарынан генерация азайғанын айтқан болатын.
– Тоқ желісінде қысқа тұйықталу болды. Астанадағы 3 аудан жарықсыз қалды. Апаттың себебі анықталып, жөнделіп жатыр. Қолайсыздықтар үшін қала жұртынан кешірім сұраймын, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт іске қосылды